Жаңалықтар

16 сәуір 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасына келді.

Сапар Н.Ә.Назарбаевты ҚХР Ұлттық олимпиадалық комитетінің жоғары наградасымен марапаттау салтанаты рәсімімен басталды. Бұл награда Қазақстан Президентіне спорттың танымалдығы мен салауатты өмір салтына қосқан үлесі үшін беріліп отыр.


Нұрсұлтан Назарбаев Қытай олимпиадалық командасын зор табысымен құттықтап, барлық спортшыларға жаңа жетістіктер тіледі.


Қазақстан 2011 жылы өз жерінде өтетін VII қысқы Азия ойындарына дайындық жүргізу және өткізу кезінде Бейжің Олимапиадасын ұйымдастыру тәжірибесін зерттеп, тиімді пайдалану ниетінде.


Одан кейін Н. Назарбаев Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясының кеңсесінде болып, Қытайдың іскер элитасы өкілдерімен кездесті.


Президен өзінің бұл сапарының әлемде жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс белең алып отырған қиын уақытпен тұспа-тұс келіп отырғанына тоқталды.


-Қытайда қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар бұл елдің одан лайықты шығуына мүмкіндік беріп қана қоймай, оның одан мығым қалыпты шығуына жол ашпақ. Сондай-ақ, Қазақстан да дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті, - деп атап өтті Президент.


Кейбір қиындықтарға қарамастан, Қазақстан Қытай инвесторлары үшін сенімді және перспективалы серіктес болып табылады. Бүкіләлемдік Банктің бағалауы бойынша, Қазақстан инвестиция үшін анағұрлым тартымды әлемдегі 20 елдің қатарында.

Қазақстан Президенті қытай бизнесін жаңа жобаларымен қазақстандық рынокқа шығуға шақырды.


Күннің бірінші жартысында Президент Н.Ә.Назарбаев ҚХР Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысының Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангомен келіссөз жүргізді. Келіссөздер барысында Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары, өңірлік және халықаралық проблемалар туралы ауқымды мәселелер талқыланды.


Н. Назарбаев У Бангоны 2009 жылы наурызда Халық өкілдері Бүкілқытайлық жиналысы мен Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитеті сессиясының табысты өтуімен құттықтады.


Президент Қытай Парламентінің жыл сайынғы сессиясы барысында алға қойылатын мақсат мен міндеттерді, сондай-ақ 11-ші бесжылдық жоспарын жүзеге асыруда оларды табысты іске асыру мақсатында белгіленген міндеттер негізгі рөл атқаратынын, елдің алдағы кезеңдегі дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде, реформалардың одан әрі жылжуы жөніндегі Қытайдың орталық басшылығының күш-жігеріне жаңа серпін беретіндігі туралы пікірін білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар