Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 қыркүйек 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті, Ұлттық Банк Төрағасы Григорий Марченконы және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады.

Кездесу барысында Президент ағымдағы жылдың 31 тамызында Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің басқармасында «БТА Банк» АҚ қайта құрылымдау жоспары бекітілгені туралы хабардар болды.

Президент бәріне атқарылған жұмыстар үшін алғысын айтты және мемлекеттің дұрыс стратегиясының нәтижесінде бүгінде қалыпты режимде жұмыс істеп жатқан еліміздің банктік жүйесі тұрақтанғанын атап өтті.

Журналистерге арналған брифингте Ұлттық Банк Төрағасы Григорий Марченко бұдан бұрын, ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша «Альянс-банктің», ал ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша – «Темірбанктің» қарыздарын қайта құрылымдау аяқталғанын атап өтті.

- Осылайша, барлық үш банк өткен жылы көктемде басталған қайта құрылымдау процесін табысты аяқтады. Жалпы алғанда, 11 миллиардқа жуық доллар қарыз есебінен шығарылды. Қарыздың қалған бөлігі қайта құрылымдалды – жарым-жартылай облигация түрінде, жарым-жартылай осы банктер акциясында конверсияланды. Аталған үш банктің сыртқы кредиторларына сындарлы ұстанымдары үшін алғыс айтуымыз керек. Ең бастысы, жалпы, сыртқы қарыз мәселесі реттелді, - деді Г.Марченко.         


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар