Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

8 ақпан 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады.

Кездесу барысында Қ. Әбдірахманов еліміздің Президентіне Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалығы барысындағы тұрақты өкілдік қызметінің қорытындылары туралы баяндады.

- Мемлекет басшысы Қазақстанның 2011 жылы ЕҚЫҰ-ның «үштігінің» мүшесі ретіндегі негізгі міндеттерін айқындап берді. Бұдан басқа, мен Нұрсұлтан Әбішұлына ЕҚЫҰ-ның мүшелері Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтетіні туралы шешімді жоғары бағалағанын баяндадым, - деп мәлім етті Қ. Әбдірахманов журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар