Жаңалықтар

19 қазан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сайденовты қабылдады.

Ә.Сайденов Президентке Ұлттық банктің инфляциялық үдерістер мен ақша айырбастау бағамының саясатын бақылау жөніндегі қызметі туралы баяндады. Мемлекет басшысы Ұлттық банк алдына елдің қаржы секторын нығайту жөнінде бірқатар міндеттер қойды. Сондай-ақ кездесу барысында алдағы уақытта жүргізілетін ақша ауыстыру және айналымға ұлттық валютамыз теңгенің жаңа дизайны банкноттарын енгізу мәселелері талқыланды.

 
- Мемлекет басшысы Ұлттық банкі мен Үкіметтің бақылау шегінде инфляцияны ауыздықтау жөніндегі шараларды әзірлеуде өзара бірлесіп тығыз әрекет ету қажеттігін атап көрсетті. Ағымдағы жылдың тоғыз айында инфляция 5,9 пайызды құрады, бұл жылдық есептеу бойынша 8,5 пайызға тең. Мемлекет басшысы инфляцияны осы шекте ұстап тұруды тапсырды. Ұлттық банктің, Қаржылық бақылау агенттігі мен Үкіметтің бірлесе отырып қабылдаған шаралары осы міндетті орындауға мүмкіндік береді, - деді Ә.Сайденов журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар