Жаңалықтар

19 қазан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық комиссияның сыртқы байланыстар жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Вальднерді қабылдады.

Кездесу кезінде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың экономика және саясат саласындағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.

 
- Біз Қазақстанмен энергия ресурстары, қоршаған ортаны қорғау, ғылым мен технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға аса мүдделіміз. Біз сондай-ақ жалғасып отырған саяси үнқатысу мен Қазақстанға саяси реформалар жүргізуде қолдау көрсетуге деген біздің ықыласымызды талқыладық. Қазақстан 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету туралы өзінің ниетін білдірді. Біз бұл бастаманы аса айтулы ұмтылыс деп санаймыз. Біз өркениеттер мен мәдениеттер диалогын одан әрі алға бастыруға қатысты Президент Назарбаевтың күш-жігерін қолдаймыз. Біз жуырда Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін аса жоғары бағалаймыз. Экономикалық тұрғыдан алғанда, Қазақстанның соңғы жылдары қол жеткізген табыстары бізді аса таң қалдырды. Мен Президент Назарбаевты экономикалық дамуда, атап айтқанда, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру барысында сіздерге қолдау білдіретінімізге сендірдім. Мен осындай қарым-қатынастар екі ел үшін дамудың жаңа көкжиектерін ашады деп ойлаймын. Біз Президент Назарбаевтың алдағы Брюссельге сапарын тағатсыздана күтеміз, онда Еуропалық комиссияның президенті Жозе Мануэль Баррозу мырзамен кездесуі болмақ, - деді Б.Ферреро-Вальднер журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар