Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

8 ақпан 2011
Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әйгілі әнші, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Роза Тәжібайқызы табиғат берген таңғажайып даусымен, тамаша орындаушылық шеберлігімен, азаматтық және отансүйгіштік асыл қасиеттерімен халқымыздың ерекше құрметі мен махаббатына бөленген жан еді. Оның орындауында кез келген әлем халықтарының әндері өзгеше құлпырып, тыңдаушының құлақ құрышын қандыратын. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол майдан даласын аралай жүріп ән шырқап, жауынгерлерді ерлікке жігерлендірді. Өзі өмірден озғанымен, ол кісінің мол ән мұрасы ғасырлар бойы халқымыздың жүрегін баурап, жанына нұрлы шуақ сыйлай береді деп сенемін», делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар