Жаңалықтар

29 тамыз 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Египет Араб Республикасының Сауда және индустрия министрі Рашид Мұхаммед Рашидті қабылдады.

Араб елінің министрі Нұрсұлтан Назарбаевқа Египет Араб Республикасының Президенті Хосни Мүбәрактың жеке жолдауын тапсырды.


Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мен екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.


- Президенттер ағымдағы жылдың мамыр айында Шарм әл-Шейхте екі елдің арасындағы сауда айналымын арттыру, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізді. Мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі кездесулері мен елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты дамытуға көрсетіп отырған қолдаулары өзара сауда көлемінің үш есе артуына ықпал етті, - деді Р.М.Рашид.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар