Жаңалықтар

22 наурыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Республика алаңында қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

-Баршаларыңызды ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтап, денсаулық, тыныштық, баянды бақыт тілеймін. Күн мен түн теңеліп, бірліктің негізі, тірліктің негізіне келдіңіздер. Бақ-береке орнаған халқымыздың жеріне Наурыз қадам басты! Бұл мереке бізге тәуелсіздікпен, еңбек­пен келді.

Біздің ұлы дәстүріміз бар екенін, ұлы тарихымыз бар екенін, мәдениетіміздің бар екенін көрсе­тетін күн. Әр уақытта да ата-баба­ларымыз бүгінгі ұлыстың ұлы күніне тоғыз дәмнен көже жасап, біссіміллә деп дәм татып, қыстан аман шыққанына қуанып, бір-бірінің қателіктері мен өкпе-реніштерін кешіріп, табысып, бір-бірімен қауышатын күн.

Біздің Қазақстанымыз да сол сияқты бақ-береке орнаған, тәуелсіздігіміз нығайған, жылдан жылға еліміздің берекесі бекіген, болашаққа нық қадам басқан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіреміз деп дайын­далып отырған халықпыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев отандастарымызға арнаған құттықтауында.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар