Жаңалықтар

16 сәуір 2009
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Римде 16-17 сәуірде өтіп жатқан «Ядролық қатерді жеңу» атты халықаралық конференцияға қатысуда.

Конференция «үлкен сегіздіктің» қазіргі төрағасы ретінде Италия Сыртқы істер министрлігі, америкалық «Ядролық қауіпсіздік жобасы» үкіметтік емес ұйымы және КСРО-ның экс-президенті М. Горбачев басқаратын Бүкіләлемдік саяси форумның ұйымдастыруымен өтуде.

Конференцияның негізгі мақсаты ядролық қауіп-қатерге деген қадамды азайту үшін қажетті және жалпы ядролық қарусыз әлем орнықтыру үшін диалог алаңын құру болып табылады. Көлемі жөнінен әлемде төртінші орын алатын ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, Семей сынақ алаңын жапқан Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруды таратпаудың және ядролық қарусызданудың жаһандық үдерісінің бірден-бір лидері болып отыр. Бұл лидерлік жақында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік аясында біздің еліміздің аумағында технологиялық байыту мен ыдырату материалдарын тарату қатерін қысқартуға шақырған, ядролық отынның халықаралық банкін орналастыру мүмкіндігін қарастыруға Қазақстанның дайын екені туралы мәлімдемесімен қуатталды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар