Жаңалықтар

7 қазан 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке және Ресей халқының игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, достық пен тату көршіліктің берік қарым-қатынасына құрылған Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Екі елдің басшылары алдағы жұмыс кестесін ақылдасты. Оның ішінде, биылғы 6-7 қараша күндері Омбы қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XVI аймақаралық форумына дайындық барысын талқылады.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары