Жаңалықтар

2 қыркүйек 2015
Мемлекет басшысы Цзянсу провинциясы халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы – партия комитетінің хатшысы Лоу Чжицзюнмен кездесті

 

Кездесу барысында Тынық мұхитындағы Ляньюньган портындағы Қазақстанның логистикалық терминалы арқылы жүк тасымалы ауқымын кеңейту перспективалары талқыланды.

Қазақстан үшін Цзянсу провинциясымен ынтымақтастықтың зор маңызы бар. Біз ҚХР басшылығымен уағдаластық бойынша  Ляньюньган портында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл – Қазақстанның Тынық мұхитқа тарихи тұрғыдан алғашқы қадам басуы. Мұны ынтымақтастығымыздың басы ғана деп ойлаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті сондай-ақ ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен кездесу барысында көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл жайы басымдығы бар мәселеленің бірі екеніне тоқталды. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар