Жаңалықтар

2 қыркүйек 2015
Елбасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжан Дэцзянмен кездесті

 

Кездесуде екі елдің парламентаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытайдың заң шығарушы органдары басшыларының тұрақты байланыстары мемлекетаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жүзеге асыру үшін тиімді құқықтық алаң қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бейжіңге осы жолғы мемлекетаралық сапар аясында біз екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне негіз қаладық. Соңғы онжылдықта сіздің ел жүргізген реформа және ашықтық саясаты қуатты экономика құрып, ҚХР беделін биік деңгейге көтерді. Бұл орайда Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы елеулі рөл атқарды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Чжан Дэцзян Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарына қытай тарапы зор мән беретінін айтты.

Қазақстан мен Қытай халқы арасындағы достықты нығайту үшін Сіздің әрдайым зор күш-жігер жұмсайтыныңызды білемін. Сіз және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қол қойған жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі туралы шарт екіжақты қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтереді, – деді  Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар