Жаңалықтар

1 қыркүйек 2011
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев №66 астаналық мектеп-лицейде болып, «Жас қыран» және «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының алғашқы мүшелерін қабылдаудың салтанатты рәсіміне қатысты.

Салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Президент барлық оқушылар мен мұғалімдерді Білім күнімен құттықтады.

- Биылғы жылы жаңа оқу жылының басталуы ерекше мәнге ие, өйткені ол Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында басталып отыр. Барша қазақстандықтар осы ұлық мерекеге дайындалуда, ал балалар еліне жасаған өз сыйлықтары ретінде - жақсы оқулары қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы «Жас қыран» және «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қатарына қабылданған оқушыларды құттықтады. Президент оларға галстук тағып, ұйымның туын табыс етті.

Мемлекет басшысы балаларды оқытудың жай-күйімен танысты, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған 4-сыныптың сабағына қатысып, 3D технологиясы бөлмесінде болды. Оқытушылар мен оқушылар Президентке инновациялық әдісті оқу үдерісінде пайдалану туралы айтып берді.

№66 мектеп-лицей 2011 жылдың басында ашылды. Онда 1600 оқушы білім алады. Мектеп физика-математикалық және химия-биологиялық бағытқа ие. Аталған мектеп-лицей заманауи технологиямен: қауіпсіздіктің электронды жүйесімен және мәліметтер дерекқорымен, мультмедиялық және 3D бөлмелерімен жабдықталған. Баланың интеллектуалдық және физикалық дамуы үшін жағдай жасалған: 2 спорт залы, футбол алаңы, волейбол мен баскетбол алаңдары, хореграфия залы, оқу залы бар кітапхана, 560 адамға арналған мәжіліс залы бар.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар