Жаңалықтар

29 тамыз 2008
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңдегі XXIX жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары атанған қазақстандық спортшыларды қабылдады.
big-01.jpg

Президент қазақстандық жүлдегерлерге табысты өнер көрсеткендері үшін алғыс білдірді, солардың арқасында Қазақстан ұлттық құрамасы әлемнің екі жүз елінің ішіндегі үздік отыздықтың қатарына кірді. Жалпы медальдар саны бойынша еліміз 19 орынды иеленді. Қазақстан спортшылары екі мәрте Олимпия ойындарының чемпионы атанып, жеңістің биік тұғырынан көрінді.


Елбасы Олимпиадалық наградалар – бұл спортшының ғана жеке жетістігі еместігін атап өтті. Бұл – бүкіл елдің жеңістері, Қазақстанның әлемдегі беделін нығайтуға қосқан айрықша үлес.


Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойғанын айтты.


Олимпиада чемпиондары ауыр атлет Илья Ильин мен боксшы Бақыт Сәрсекбаев І-ші дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды.


Күміс жүлдегерлер Ирина Некрасова мен Алла Важенина (ауыр атлетика), Асхат Жіткеев (дзюдо) және Таймураз Тигиев (еркін күрес) «Парасат» орденімен марапатталды.


«Құрмет» орденімен Олимпиаданың қола жүлдегерлері Нұрбақыт Теңізбаев пен Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика), Елена Шалыгина (еркін күрес), Еркебұлан Шынәлиев (бокс), Арман Шылманов (таэквондо) және Марид Муталимов (еркін күрес) наградталды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар