Жаңалықтар

27 сәуір 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев зияткерлік мектебіне барды
Павлодар қаласы

Мемлекет басшысы оқушылармен және мұғалімдермен әңгімелесу барысында бүкіл еліміз бойынша құрылған Назарбаев зияткерлік мектептерінің желісі оқытуға және дамытуға зор мүмкіндіктер беретінін айтты.

Мемлекет басшысы «БҰҰ моделі» клубының жұмысымен танысып, роботты техникаға байланысты өткізіліп жатқан жарысқа барды. Қазақстан Президентіне химия-биология бағыты бойынша оқытатын оқу орнының материалдық-техникалық базасының жағдайы, заманауи мультимедиалық құралдармен жабдықталуы жөнінде мәлімет берілді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары