Жаңалықтар

11 қыркүйек 2009
Ақтауда Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей және Түрікменстанның бейресми саммиті болып өтті.
big-03

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумы болып өткен Орынбордан Маңғыстау облысына келді. 

Ақтау қаласының әуежайында Нұрсұлтан Назарбаев, Ильхам Әлиев, Дмитрий Медведев және Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов жаңа жолаушылар терминалымен танысты. Бұл терминалды іске қосу нәтижесінде енді бір сағат ішінде 450 жолаушыға қызмет көрсетілетін болады. Жолаушыларды отырғызу телескоптық саты бойынша іске асырылады. Терминалдың барлық жабдықтары халықаралық стандарттарға сәйкес. Қазіргі уақытта құрылыс аяқталды, өткізу-ретке келтіру және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 

Одан кейін президенттер «Самал» кешеніне келді, онда Әзірбайжан көшбасшысы Ильхам Әлиев, Қазақстан көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей көшбасшысы Дмитрий Медведев және Түрікменстан көшбасшысы Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовтің қатысуымен мемлекет басшыларының бейресми кездесуі өтті. 

Кездесуді аша отырып, Нұрсұлтан Назарбаев әріптестеріне бейресми жағдайда өтетін кездесуге шақыруын қабыл алғандары және Қазақстанның тағы бір қаласымен танысуға деген пейілдері үшін алғысын айтты. Президент екіжақты және көпжақты ынтымақтастық тәрізді кең көлемдегі мәселелер талқыланатынын атап өтті.

Қазақстан көшбасшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселесін талқылау қарастырылмайтынына тоқталды. Тегерандағы кездесу барысында Каспий маңы мемлекет басшыларының келесі кездесуін Бакуде өткізу туралы шешім қабылданған болатын. 

- Иран тарапының қатысуымен біздің бәріміз жиналып, өзіміз үшін осы маңызды мәселені талқылаймыз деген үміттеміз, - деп атап өтті Н.Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар