Жаңалықтар

24 мамыр 2007
АҚШ Конгресінде Қазақстандағы жаңа демократиялық реформалар оң бағаланып отыр

Мемлекет басшысының атына АҚШ Конгресінің беделді мүшелері атынан үндеу келіп түсті, онда Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерге жоғары баға берілген.


Атап айтқанда, конгрессмен-демократ Чарли Мелансон өзінің Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаухатында былай деп жазады: «Мен Сізді таяуда ұсынған демократиялық реформаларыңызбен құттықтағым келеді. Сіздің ұсыныстарыңыз биік рухани адалдықты және Қазақстан Республикасының одан әрі демократиялану жолын ұстанатынын айқындайды. Қазақстанға демократия принциптерін бағалайтын және өз халқының әл-ауқатын басты орынға қоятын көшбасшыны иелену бақыты бұйырды.

Заң шығарушы органның рөлін арттыру сайлаушыларға үкіметтің іс-қимылына игі ықпал етуге мүмкіндік береді. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі батыл экономикалық өсуі мен мықты экономикалық саясаты оған өңірдің көшбасшысы болуға көмектесті. Бұл жаңа реформалар өңірдегі, бұл жолы, демократиялық реформалар саласындағы көшбасшы ретінде де Қазақстанның ұстанымын нығайта түседі. Бұл Сіздің халқыңыздың ұмытылмас мұрасы болып қала бермек. Сіздің Қазақстанның экономикалық және саяси дамуына жұмсаған талмас күш-жігеріңіз америкалық ресми адамдардың назарынан тыс қалған жоқ. Мен бұл реформаларды етене енгізгеннен кейін Америка мен Қазақстан арасындағы үдемелі қарым-қатынастар одан әрі нығая түсетініне сенімдімін».


АҚШ Конгресінің мүшесі республикалықтар өкілі Дэррелл Айсса өзінің Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаухатында былай деп атап көрсеткен: «Америка Құрама Штаттарының атынан мен Қазақстан Республикасын одан әрі демократияландыру бағдарламасына орай Сізге қол соғамын. Мен Сіздің ұсыныстарыңыз еліңіздегі демократияның тамырын баянды етеріне және нығайта түсеріне сенімдімін. Мені сондай-ақ, Парламенттің Қазақстанды қазіргіден де берік байламдар мен тепе-теңдік жүйесіне жетелейтін конституциялық түзетулерді қабылдағаны қуантады. Қабылданған шараларды жүзеге асыру демократияның күллі қазақстандық қоғамға игілік әкелетін жолмен дамуына мүмкіндік беретініне сенемін. Қазақстан соңғы жылдары экономикалық, сондай-ақ саяси тұрғыдан да қарқынды өсімге қол жеткізді. Осы кезең барысында біздің ұлы елдеріміз арасындағы қарым-қатынас та соншалықты артып, өркендей түсті. Мен Сіз қабылдаған шаралардың арқасында осы қарым-қатынастар алдағы уақытта да бұдан әрі нығая және тереңдей түседі деп үміттенемін».


Байырғы американ заң шығарушыларының бірі конгрессмен-демократ Эдолфус Таунс Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа хатында былай деп жазады: “Сіз 2007 жылғы 16 мамырда ұсынған серпінді саяси реформалармен зор жігерлену үстінде таныстым. Бұл бастамалар кез келген ұлттың ұлылығын нығайта түсуге қабілетті екені сөзсіз.

Сіздің саяси батылдығыңыз бен көрегендігіңіз Қазақстанды ядролық қаруды таратпау және жаһандық қауіпсіздікті нығайту саласында көшбасшы жасады. Қиын да ауыртпалықсыз емес экономикалық реформалау Сіздің еліңізге әлемнің барынша серпінді дамып отырған экономикаларының арасындағы орынды қамтамасыз ету үшін қажет болды. Сіздің жуырдағы саяси реформаларыңыз қай кездегіге қарағанда да дер уақытында жүргізіліп отыр. Сіз өз еліңіздің тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етесіз. Осы заманғы Қазақстан тарихының осынау жаңа бетін аша отырып, Сіз өз халқыңыздың шынайы көшбасшысы болып табылатыныңызды тағы да дәлелдедіңіз. Мен Сіздің мемлекетіңіздің тарихи тағдырына сенемін.

Өкінішке қарай, демократия мен азаттықтың мұраттары планетаның көптеген жерлерінде әлі де артықшылық болып қалуда. Мен тек басқа көшбасшылар да Сіздің батыл өнегеңізді қабылдайтынына және өз бойларынан өздерінің халықтарына саяси бостандық беру батылдығын табатынына үміт артамын. Мен Қазақстанға қол соғамын. Экономикалық жағынан күшті және шынайы демократиялық тұрғыда дамып келе жатқан Қазақстан – бұл бүкіл Сіздің өңірдің болашақ өркендеуінің кепілі. Реформатор болу қиын, алайда Сіздің ізгі іс-әрекетіңіз Сіздің халқыңыздың алғысшыл жадында әрдайым қалады”.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар