Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

19 тамыз 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Германия экономикасы Шығыс комитетінің бұрынғы төрағасы, «Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры Клаус Мангольдті қабылдады

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Сондай-ақ, әлем экономикасының дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы неміс бизнесінің өкілдерімен өзара ықпалдастықты нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Клаус Мангольд Мемлекет басшысына жыл соңында Германияда қазақ-неміс кәсіпкерлерінің қатысуымен ірі бизнес-форум ұйымдастыру туралы жоспарын айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар