Жаңалықтар

8 шілде 2015
Елбасы ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовті қабылдады

 

Кездесуге Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев пен Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Т.Мұсабаев та қатысты.

Қазақстан Президентіне А.Айымбетовтің штаттық режім бойынша Халықаралық ғарыш стансасына ұшуға дайындығының барысы жөнінде хабарланды.

А.Айымбетов өзінің барлық қажеті тестер мен емтихандарды сәтті тапсырғанын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ғарыш қызметі саласына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар